"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 71 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 554 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2022 № 554 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы №570 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 тамызда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 2 - тарауы 15 - тармағының 14) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 71 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң Автомобиль жолдары комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнің (бұдан әрі – Министрлік) реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ автомобиль жолдары саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитет егер заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапында болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді, штат санының лимитін Министрдің келісімі бойынша Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.04.2021 № 183 бұйрығымен.

      8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2019 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комитеттiң толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетi" республикалық мемлекеттiк мекемесі.

      орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение "Комитет автомобильных дорог Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерімен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке кіріс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджеттiң пайдасына жiберiледi.

2-тарау. Комитеттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға қатысу.

      14. Міндеті:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.

      Функциялары:

      1) Комитеттің құзыреті шегінде реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      4) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      6) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтiк саясатты iске асыру.

      15. Міндеті:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқаруға қатысу.

      Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасау;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;

      4) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн келiсу;

      5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiн келiсу;

      6) мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде Ұлттық операторды қаржыландыру;

      7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының жұмыстары мен көрсететін қызметтерін қаржыландыру;

      8) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;

      9) ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерді) құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;

      10) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;

      11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      12) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      13) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      14) ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындау және енгізу;

      15) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары, Ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеу, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беру;

      16) қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде жол жүрісінің қауіпсіздігі жөніндегі органмен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеу немесе тоқтату және автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      17) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру.

      18) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2019 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Міндеті:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту.

      Функциялары:

      1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      4) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөнiндегi жұмыстарды iске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;

      6) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттарын, тізбесін, атауы және индекстерін, оның ішінде қорғаныс мақсатындағы автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу;

      7) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзiрлеу;

      8) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол активтерін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу;

      9) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен жүрiп өту үшiн алымдарды төлеу тәртiбi мен олардың мөлшерлемелерiн әзiрлеу;

      10) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзiрлеу;

      11) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбiн әзiрлеу;

      12) астананың, республикалық маңызы бар қаланың көшелерiн, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп-ұстауды қаржыландыру нормативтерiн әзірлеу;

      13) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      14) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      15) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымы қауіпсіздігін мониторингілеу қағидаларын әзірлеу;

      16) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін әзірлеу;

      17) жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      17. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратады және алады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге іс-шаралар өткізеді;

      4) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультациялық-кеңесші органдар (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстарды енгізеді;

      5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;

      6) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтайды;

      8) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындайды;

      9) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы бойынша қажетті материалдар мен анықтамаларды өз құзыреті және заңнама шегінде ұсынады;

      10) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік меншікті сақтауды қамтамасыз етеді;

      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді;

      12) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;

      13) Комитеттің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырады;

      14) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      15) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру

      19. Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапты болатын Төраға Комитетті басқаруды жүзеге асырады.

      20. Төрағаны Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Төрағаның Министрдің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.04.2021 № 183 бұйрығымен.

      22. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттiң құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      23. Комитет төрағасы Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      24. Комитет төрағасы Комитеттің кадр жұмысы басқармасына және заң басқармасына жетекшілік етеді.

      25. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсынысты әзірлеуге қатысады;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      3) Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ Комитеттің ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындау және босату, іссапарға, демалысқа жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме, сыйақы беру және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;

      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;

      6) Комитеттің ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекітеді;

      7) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына дербес жауапты болады;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауаптылықта болады;

      9) қызмет бағыты бойынша құпиялылық тәртібін қамтамасыз етуге байланысты барлық қажетті шарттарды жасасады және Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік құпияға рұқсат алуы туралы өкіміне қол қояды;

      10) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      26. Төраға өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

      27. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) оларға Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттiң мүлкi

      28. Комитетте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қарастырылады.

      29. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оғн өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары

      32. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары:

      1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2) Акционерлік қоғам: "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы.

      3) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік: "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2019 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.