БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережеде:
14-тармақта:
17) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша алып тасталсын;
23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"23) өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар береді;
24) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;";
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және эскиздерді (эскиздік жобаларды) келіседі;";
27) тармақша алып тасталсын;
48) және 49) тармақшалар алып тасталсын;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"50) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;";
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"54) орталық атқарушы органдардың қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісуді жүзеге асырады;";
55) тармақша алып тасталсын;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"59) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;";
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"61) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;";
102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"102) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздемеге орай оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 107), 108) және 109) тармақшалармен толықтырылсын:
"107) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
108) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің рәмізін (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
109) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жанындағы үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев |