БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережеде:
20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";
20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) өз орынбасарларының және Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар, филиалдар мен өкілдіктер басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |