"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппараты "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Әділет министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы №137 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу турал

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 295н бұйрығы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппараты "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Әділет министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы №137 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына мына толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың №1 қосымшасына сәйкес жаңа бөліммен толықтырылсын.

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының "Стратегиялық жоспарлау департаментінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы С-3 санаты (1 бірлік) №2-3-1", "Стратегиялық жоспарлау департаментінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты (2 бірлік) №2-3-2, №2-3-3", "Стратегиялық жоспарлау департаментінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқармасының сарапшысы С-5 санаты (1 бірлік) №2-3-4" бөлімдерінің атауы "Стратегиялық жоспарлау департаментінің Баспасөз қызметі басқармасының басшысы С-3 санаты (1 бірлік) №2-3-1", "Стратегиялық жоспарлау департаментінің Баспасөз қызметі басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты (2 бірлік) №2-3-2, №2-3-3", "Стратегиялық жоспарлау департаментінің Баспасөз қызметі басқармасының сарапшысы С-5 санаты (1 бірлік) №2-3-4" болып өзгертілсін.

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының "Экономика және қаржы департаментінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" деген бөлім осы бұйрықтың №2 қосымшасына сәйкес редакцияда баяндалсын.

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарынан "Кадр қызметі департаментінің Мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауды бақылау басқармасының сарапшысы С-5 санаты (1 бірлік), №15-3-6" бөлімі алынып тасталынсын.

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М.Бекетаев

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 жылғы 11 тамыздағы
№ 295н бұйрығына
№1 қосымша

Әдеп жөніндегі уәкіл
С-3 санаты (1 бірлік), №1-0-8

Өлшем

Талаптар

Білімі

Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе психология) саласында жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Құқықтық актілер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), "Әділет органдары туралы" Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жұмыс тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.Компьютерде жұмыс істей білуі.

Функционалдық міндеттері

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді; мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді; Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі; мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді; осы бағытта проблемалық мәселелерді айқындап, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді; қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.


  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 жылғы 11 тамыздағы
№ 295н бұйрығына №2 қосымша

Экономика және қаржы департаментінің
Экономикалық анализ басқармасының басшысы
С-3 санаты (1 бірлік), №13-4-1

Өлшем

Талаптар

Білімі

Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары білім (Экономика, менеджемент, есеп және аудит, қаржы).

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек кодекстерін, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Құқықтық актілер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Әділет органдары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Қаржы және экономика саласында жұмыс тәжірибесі болу.

Функционалдық
міндеттер

Әділет министрлігі және аумақтық бөлімшелерін экономикалық анализді, оның ішінде ғимараттар және автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша жиынтық ақпараттың уақытылы әзірленуін қамтамасыз ету. Министрліктің балансында орналасқан автокөлік құралдарын және өзге де техниканы, ғимараттар мен құрылғыларды ұстап күту бойынша, негізгі құралдарды аумақтық бөлімшелерге беру-қабылдауды келісу, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау бойынша есеп беруді дайындау мен тапсыру бойынша және Министрліктің ұйымдастырушылық-шаруашылық мәселелерімен және басқа да функцияларымен байланысты жұмысты ұйымдастыру.


Экономика және қаржы департаментінің
Экономикалық анализ басқармасының бас сарапшысы
С-4 санаты, (1 бірлік), № 13-4-2

Өлшем

Талаптар

Білімі

Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары білім (Экономика, менеджемент, есеп және аудит, қаржы).

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек кодекстерін, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әділет органдары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер .

Жұмыс тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Қаржы және экономика саласында жұмыс тәжірибесі болу.

Функционалдық
міндеттер

Әділет министрлігінің экономикалық анализін, оның ішінде ғимараттар және автокөлікпен қамтамасыз етуі бойынша жиынтық ақпаратты әзірлеу және тапсыру. Кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы жиынтық есепті қалыптастыру және оны "е-Қаржымині" БААЖ қаржылық және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру. Заң жобалау жұмыстарын жүргізу. Министрліктің балансында орналасқан автокөлік құралдарын және өзге де техниканы, ғимараттар мен құрылғыларды ұстап күту бойынша, негізгі құралдарды аумақтық бөлімшелерге беру-қабылдауды келісу, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау бойынша есеп беруді дайындау мен тапсыру бойынша және Министрліктің ұйымдастырушылық-шаруашылық мәселелерімен және басқа да функцияларымен байланысты жұмысты ұйымдастыру.

Экономика және қаржы департаментінің
Экономикалық анализ басқармасының сарапшысы
С-5 санаты (1 бірлік), № 13-4-3

Өлшем

Талаптар

Білімі

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары білім (Экономика, менеджемент, есеп және аудит, қаржы).

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек кодекстерін, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әділет органдары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық
міндеттер

Әділет министрлігінің экономикалық анализді, оның ішінде ғимараттар және автокөлікпен қамтамасыз етуі бойынша жиынтық ақпаратты әзірлеу және тапсыру. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу бойынша жумыс атқару. Әділет министрлігінің автокөлік құралдарын ұстап күту аумақтардың бекітілген нормалары шегінде Министрлік аппаратының басшылығы мен қызметкерлерін орналастырылуын қамтамасыз ету, байланыс қызмет көрсету бойынша шығындарға мониторинг жүргізу бойынша және Министрліктің ұйымдастырушылық-шаруашылық мәселелерімен және басқа да функцияларымен байланысты жұмысты ұйымдастыру.