Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 40-2 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы Ж. Хайруллин
      Мәслихат хатшысы Е. Ғазизов

  Аудандық мәслихаттың 2016
жылғы 11 қаңтардағы №40-2
шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі.

      1. Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 31 - 2 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 15 қаңтарда тіркелген, тіркеу № 3768).
      2. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 31 - 2 "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 33 - 1 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 сәуірде тіркелген, тіркеу № 3891).
      3. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы "Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 31 - 2 "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 35 - 4 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 14 тамызда тіркелген, тіркеу № 3990).
      4. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі "Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 31 - 2 "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 36 - 1 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 7 қазанда тіркелген, тіркеу № 4087).
      5. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы "Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 31 - 2 "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 38 - 1 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 9 желтоқсанда тіркелген, тіркеу № 4160).
      6. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 31 - 2 "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 39 - 1 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 желтоқсанда тіркелген, тіркеу № 4202).
      7. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 наурыздағы "2015 жылы Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" № 32 - 3 шешімі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 2 cәуірде тіркелген, тіркеу № 3870).