Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 2496 "Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №3971 "Орал қаласы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы қаулысына өз

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 3021 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 2496 "Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3971 "Орал қаласы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына өзгерістер енгізілсін:
      Қаулы атауы орыс тілінде өзгертіледі, мемлекеттік тілде мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      Қала әкімі Н. Төреғалиев