Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 234 "Батыс Қазақстан облысы аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану ту

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 52 қаулысы

      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің
арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(2016 жылғы 1 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 4, 59-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шарттың 4-бабының бірінші абзацындағы «2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 18,932 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздер «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 16,276 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
      Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде көрсетілген Тарап келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді.
      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының      Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін