Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Н.Ноғаев

  2016 жылғы 9 ақпандағы №24
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. 2001 жылғы 13 қарашадағы №48 "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1143 тіркелген, 2001 жылғы 1 желтоқсандағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      2. 2009 жылғы 26 қаңтардағы №29 "Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3020 тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      3. 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №261 "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3410 тіркелген, 2014 жылғы 8 ақпанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      4. 2014 жылғы 11 қарашадағы №298 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3700 тіркелген, 2014 жылғы 20 желтоқсанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      5. 2015 жылғы 13 сәуірдегі №99 "2015 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3910 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      6. 2015 жылғы 21 сәуірдегі №101 "Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3916 тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      7. 2015 жылғы 5 мамырдағы №115 "2015 жылға арналған аудандар мен Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3929 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      8. 2015 жылғы 5 мамырдағы №116 "2015 жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3924 тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      9. 2015 жылғы 26 мамырдағы №130 "Медициналық ұйымдар басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерін, оларғы сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3928 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      10. 2015 жылғы 16 шілдедегі №171 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №115 "2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3959 тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      11. 2015 жылғы 3 қыркүйектегі №237 "2015 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4068 тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      12. 2015 жылғы 3 қыркүйектегі №238 "2015 жылға жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4071 тіркелген, 2015жылғы 15 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      13. 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №257 "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4090 тіркелген, 2015 жылғы 17 қазанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;
      14. 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №354 "2015 жылы үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4186 тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы.