2015 жылғы 26 ақпандағы № 193 ""Ұлан ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 550 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2015 жылғы 26 ақпандағы № 193 ""Ұлан ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық акт тіркеу тізілімінде 3763 нөмерімен 2015 жылғы 20 наурызда тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2016 жылғы 21 сәуірдігі № 38 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
      Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаев