Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 203 "Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдедегі № 4039 болып тіркелген, 2015 жылы 31 шілдеде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің № 61 санында жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 203 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Күршім | |
ауданының әкімі | С.Чукаев |