Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 63 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      "2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 4273 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда №104 (6932), "Аудан тынысы" газетінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 104 (613) жарияланған);
      "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 264 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 4274 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда №104 (6932), "Аудан тынысы" газетінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 104 (613) жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазуринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов