"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 79 қаулысының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 маусымдағы № 220 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3- тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №79 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі №3859 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Бесқарағай ауданының әкімі Н.Токсеитов