Курчатов қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы № 383 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 1 тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Курчатов қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 521 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 қаңтардағы 3655 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінде 2015 жылғы 19 ақпандағы № 8 (1018) жарияланған);
      2) "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 06 сәуірдегі 3843 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 16 (1026) жарияланған).
      Қала әкімі Н. Нұрғалиев