"Отырар ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 515 қаулысының күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы "Отырар ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 515 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2468 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Отырар алқабы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманға жүктелсін.
      Аудан әкімі С.Полатов