Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 6/32-VI шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының 06.06.2016 жылғы № 2-26-3/3879 және 08.06.2016 жылғы № 2-26-3/3947 хаттарына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат хатшысы У.Копеев

  Қазығұрт аудандық мәслихатының
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 6/32-VІ шешіміне қосымша

Қазығұрт аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2375 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған);
      2) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 28/185-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2566 тіркелген, 2014 жылғы 28 наурыздағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған);
      3) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 30/201-V "Қазығұрт аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2654 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған);
      4) "Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 41/273-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3049 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпандағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған);
      5) Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 42/291-V ""Қазығұрт аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 30/201-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған);
      6) ""Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 19/139-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 48/333-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3513 тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған).