Түркістан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 573 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуы қала әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Е.Орынбасаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа жүктелсін.
      Қала әкімі Ә.Өсербаев

  Түркістан қаласы әкімдігінің
"27" 05 2016 жылғы
№ 573 қаулысына қосымша

Түркістан қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 636 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-4-119 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымдағы "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Түркістан қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 635 "Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-4-120 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымдағы "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 78 "Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3038 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпандағы "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы;
      4. Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 313 "Түркістан қаласы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3120 тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырдағы "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы;
      5. Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1739 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 тіркелген, 2016 жылғы 5 қаңтардағы "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы;
      6. Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 985 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2792 тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйегінде "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы;
      7. Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 706 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3231 тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдесінде "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысы.