1. Қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Ф.Б.Сапариеваға жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "8" қаңтардағы № 14/1 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қантардағы "Екібастұз қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 20/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-315 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпандағы № 6 (1100) "Отарқа" және № 6 (2912) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған);2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қантардағы "Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 41/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3692 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 7 (1205) "Отарқа" және № 7 (3017) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған);
3. Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы "Екібастұз қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 20/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 44/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпандағы № 6 (1204) "Отарқа" және № 6 (3016) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған);
4. Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 05 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 643/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4561 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпандағы № 6 (1100) "Отарқа" және № 6 (2912) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған)