"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 258/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 14/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4303 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы "Регион.kz" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
      осы қаулының ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Бакауов