"Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласында мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 16 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданылу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласында мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 265 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10864 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      3) күнтізбелік жеті күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                        Е. Досаев