"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 155 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12862 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаның «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже»:
      8 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Департаменттің заңды мекенжайы: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.».
      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 7-қосымшаның «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже»:
      8 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Департаменттің заңды мекенжайы: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201.».
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
      2)  осы бұйрықтың көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлер Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жолдануын;
      3) Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің департамент басшылары осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері министрі                   Т. Донақов