"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 ж

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 73 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 37 бабының 8 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № а-10/539 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3818 болып тіркелген, "Степногорск Ақшамы", "Вечерний Степногорск" газеттерінде 2013 жылғы 10 қазанда жарияланған) Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 06 қыркүйектегі № а-9/347 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев