"Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 4 ақпандағы №

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 362 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-143-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 04 ақпандағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8348 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қазанда № 235 (28174) «Егемен Қазақстан», 2013 жылғы 19 қазанда № 297 (27571) «Казахстанская правда» газеттерінде, 2014 жылғы 24 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
      1) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          А. Рау