«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тартқыш жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің түрлері мен мерзімдерін бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 625 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8663 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 305 (27579), «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев