Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 408 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/203-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2663 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 27 мамырында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімінің;
      2) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 36/299-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/203-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3137 нөмірімен тіркелген, 2015 жылдың 21 сәуірінде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімінің.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ә.Досболов
      Облыстық мәслихат
хатшысы
Қ.Айтөреев