Аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 37- бабының 8- тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б.Нүркенов

  Аудан әкімінің 2016 жылғы
"27" қаңтардағы № 1 шешіміне
қосымша

Аудан әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы "Сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешімі. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 18 наурызда №2132 нөмірімен тіркелді).
      2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Сайлау учаскелерін құру туралы" Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" №6 шешімі. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 2892 нөмірімен тіркелді)