"Сайлау учаскелерін құру туралы" Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 2892 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 27.01.2016 № 1 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2132 тіркелген, аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде 2014 жылы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Нүркенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл облыстық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      М. Сарыбеков
      "15" желтоқсан 2015 жыл

  Мойынқұм ауданы әкімінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 6 шешіміне қосымша

Мойынқұм ауданы аумағындағы сайлау учаскелері және олардың шекаралары № 306 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Кеңес елді мекені.

№ 307 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Биназар елді мекенінің Н. Байқоныров, Ә. Өткелбаев, М. Қыдырбаев, Жайлаубек көшелері.

№ 308 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Бірлік елді мекенінің Ә. Досымбаев, Ә. Тәшеков, Б. Әбдіқадыров, И. Ақылбаев, К. Сыздыққызы, Баданова, О. Исабеков, Ж. Қуанышбаев, Т. Түйтебай көшелері, Биназар елді мекенінің Қ. Біртаев, Р. Шаңлақбаев, Қ. Имашев, Ш. Шаріпбаев, Ж. Әлімқұлов көшелері.

№ 309 сайлау учаскесі

      Шекарасы: А. Назарбеков елді мекені, Бірлік елді мекенінің Абай, Биназар, М. Әуезов, М. Мәметова, Жайлаубек, Жамбыл, С. Шәкіров, Терсебай, Амангелді, Тоқсабаев, Қ. Рысқұлбеков, Ғ. Асылбеков, Т. Інкәрбеков көшелері.

№ 310 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Көкжелек елді мекенінің Жамбыл, Т. Әубәкіров, Бекқұлы би көшелері.

№ 311 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Күшаман елді мекені, Көкжелек елді мекенінің Ы. Алтынсарин, Биназар, С. Айнақұлов, Смағұлов, Әбдіраимов, Көкжелек, Сырғабаев көшелері.

№ 312 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Жамбыл елді мекені.

№ 313 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Жамбыл, А. Назарбеков, Абылайхан, М. Мәметова, Ғ. Мұратбаев, Қ. Нұрбеков, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, Ш. Қалдаяқов, Масютенко, Ағыбай Батыр көшелері.

№ 314 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Көшенов, Ж. Аймауытов, Ә. Ташкентбаев, І. Жансүгіров, М. Мақатаев, С. Мұқанов, Ә. Досымбаев, С. Құлбаев, А. Оспанов, М. Әуезов, Қажымұқан, Желтоқсан, С. Сейфуллин, К. Қабышев, А. Байтұрсынов, С. Нарымбетов, М. Өтемісов, Қ. Рысқұлбеков көшелері.

№ 315 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Амангелді, Б. Омаров, Т. Нарбаев, Ә. Молдағұлова, Ә. Жапаров, Ш. Уалиханов, Ә. Асылбеков, Балуан Шолақ, Т. Әубәкіров, М. Пахаленко, С. Күлекеева көшелері.

№ 316 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қылышбай елді мекені, Абылан елді мекені, "Комсомол" бөлімшесі, Мойынқұм елді мекенінің Абай, Ж. Қуанышбаев, К. Нарымбетов, Ш. Тайбағаров, Б. Момышұлы, Құрманәлі, Молдабеков, Лесхоз көшелері.

№ 317 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Құмөзек елді мекені.

№ 318 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қарабөгет елді мекені.

№ 319 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Сарыөзек елді мекені.

№ 320 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ұланбел, Кіші Қамқалы елді мекендері.

№ 321 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Хантау елді мекені.

№ 322 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Қияхты елді мекені.

№ 323 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Шығанақ елді мекенінің Наурыз, Айдаралиев, Ж. Қуанышбаев, Амангелді, Жеңіс, С. Сейфуллин, Ағыбай батыр, Қ. Сәтбаев, Қ. Рысқұлбеков, Балхаш, Абай көшелері, Үшбалық, Қарасай елді мекендері.

№ 324 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Мыңарал елді мекені, Мыңарал стансасы, Қашқантеңіз стансалары.

№ 325 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақбақай елді мекені.

№ 326 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Мирный елді мекені.

№ 327 сайлау учаскесі

      Шекарасы: Ақсүйек елді мекені, Шығанақ елді мекенінің Ы. Алтынсарин көшесі, Байтал елді мекені, Бурыл Байтал стансасы.