Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республик Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2016 жылғы 20 мамырдағы 
№ 242 бұйрығына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы 309 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11486 болып тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 548 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12325 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған).
      3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13414 болып тіркелген).