Аудан мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 06 мамырдағы № 3-5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 140 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 маусым № 4467 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 61 (9199);
      2) "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 143 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 9 ақпандағы № 5343 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 13 (9467);
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов