Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 15 мамырдағы "Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "Қарасай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 12-1362 қаулысына өзгерістер енгізі

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9-1298 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 20 желтоқсандағы "Қарасай ауданы бойынша қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамадар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 12-1362 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 13 қаңтардағы № 2-11-111 енгізілген, 2012 жылдың 11 ақпанында "Заман жаршысы" газетінің № 7 (7968) жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының м.а. М. Әмірғалиевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Бигельдиев