Ойыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 99 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы "Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қосымшаға сәйкес берілген аудан әкімдігінің қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш. Тлеумағанбетов

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 99 қаулысына қосымша

Қолдану күші жойылған аудан әкімдігі қаулыларының тізімі

      1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 45 "Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 16 наурызда № 3-11-107 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 наурызда "Ойыл" газетінде жарияланған);
      2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қарашадағы № 234 "Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 29 қарашада № 3453 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 желтоқсанда "Ойыл" газетінде жарияланған);
      3. Ойыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 183 "Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 45 "Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 20 тамыздағы № 3632 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 тамыздағы "Ойыл" газетінде жарияланған).