Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 37 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: И. СӘРСЕНБАЕВ
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

  Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 37 шешіміне қосымша

Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізімі:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 227 "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4712 тіркелген, 2016 жылдың 2 ақпанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 122 "Ырғыз аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3815 тіркелген, 2014 жылдың 1 сәуірде аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі.