«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9505 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Қасымов