"Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 350 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 561 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 350 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 мамырда № 11169 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                           Қ. Қасымов

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев