Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № а-4/73 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.К. Аутеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Қиықов

  Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 22.04.
№ а-4/73 қаулысына
қосымша

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының
ТІЗБЕСІ

      1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы "Еңбекшілдер ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № а-6/182 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 1-10-143, 2011 жылдың 23 шілдесінде Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 76 газетінде жарияланған);
      2. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 шілдедегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № а-6/205 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 1-10-167, 2012 жылдың 4 тамызында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 71 газетінде жарияланған);
      3. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № а-6/244 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 4364, 2014 жылдың 3 қазанында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 101-102 газетінде жарияланған);
      4. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Еңбекшілдер ауданының Краснофлот ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № а-6/245 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 4367, 2014 жылдың 3 қазанында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 101-102 газетінде жарияланған);
      5. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Еңбекшілдер ауданының Мамай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № а-6/246 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 4366, 2014 жылдың 3 қазанында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 101-102 газетінде жарияланған);
      6. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Еңбекшілдер ауданының Кеңащы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № а-6/247 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 4365, 2014 жылдың 3 қазанында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 101-102 газетінде жарияланған);
      7. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Еңбекшілдер ауданының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № а-3/69 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 4773, 2015 жылдың 22 мамырында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 50 газетінде жарияланған);
      8. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы "Еңбекшілдер ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, қоғамдық жұмыстар ұйымдарының, түрлері, көлемі және нақты шарттарының тізбесін, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы" № а-10/219 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 5107, 2015 жылдың 18 желтоқсанында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 116 газетінде жарияланған).