"Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызыл-жұлдыз" елді мекеніне шектеу iс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 583 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 730 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 667 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Қызыл бұлақ", "Керегетас", "Көлдай" учаскелеріндегі шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.
      2. "Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округінің "Қызыл бұлақ", "Керегетас", "Көлдай" учаскелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 371 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3496 болып енгізілген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастапон күшіне енеді және қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д. Оразбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлiгi
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетi Тарбағатай аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Б. Қажыкенов
      "30" желтоқсан 2015 жыл
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігінің
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитеті Шығыс Қазақстан
      облысы Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Тарбағатай
      аудандық тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы" республикалық
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Д. Харина
      "30" желтоқсан 2015 жыл