"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және Су ресурстары минист

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 597 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 1-тармағына43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және Су ресурстары министрінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 11-ө бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9079 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 қаңтарда, «Казахстанская правда» 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (27645), «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                                В. Школьник