Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 314 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі шектеулі іс-шараларды алу туралы 2-19/305 ұсынысы негізінде, Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Малдардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша кешенді ветеринарлық шараларының өткізілуіне байланысты Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылындағы Абай атындағы көшесіне салынған шектеулі шаралар алынсын.
      2. Бұрын, 2015 жылғы 01 маусымда қабылданған, Панфилов ауылдық округінің "Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылындағы Абай атындағы көшесіне шектеулі іс-шаралар орнату туралы" № 2 шешімінің (Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінің нормативті - құқықтық актісінің тізілімінде 2015 жылдың 29 маусымдағы № 4557 тіркелген, аудандық "Ертіс нұры" газетінде 2015 жылдың 11 шілдедегі № 27 және "Иртыш" газетінде 2015 жылдың 11 шілдедегі № 27 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Панфилов ауылдық округі әкімі А. Кәрібаев