"Тайынша ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 140 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 538 қаулысы

       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, 43-1 бабы 1 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тайынша ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 140 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 3179 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірдегі "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 3 сәуірдегі "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям