Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 01 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2016 № 464 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 80-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылғы 1-тоқсан».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов