Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/1 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХХІІ сессиясының төрағасы
С.Махметов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихат
хатшысының м.а.
С.Кашенцева

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/1 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. "Иттер мен мысықтарды ұстау қағидалары туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы №5/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 20 шілде №1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдеде №88 "Солтүстік Қазақстан", №88 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
      2. "Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 маусымдағы №26/20 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілде №2872 тіркелген, 2014 жылғы 29 шілдеде №92 "Солтүстік Қазақстан", №92 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
      3. "Иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 30 қарашадағы №9/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда №2032 тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсанда №156 "Солтүстік Қазақстан", №156 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
      4. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 19 наурыздағы № 13/28 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1 тармағы (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 сәуірде № 2257 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда №52 "Солтүстік Қазақстан", №52 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 24/22 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2674 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде №52 "Солтүстік Қазақстан", №53 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).