"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 37 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 402 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті, «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 438 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7831 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                       Ішкі іcтер министрі
      ______________ А. Дауылбаев         ______________ Қ. Қасымов

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _____________ Т. Дүйсенова