«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астана қаласы және оның қала маңы аймағының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ қала құрылысын регламенттеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 01-04-03/47 НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8481 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев