«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 572 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8643 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда № 305 (27579) «Казахстанская правда», 2013 жылғы 31 қазанда № 240 (28182) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін:
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев