"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының мынадай:
1) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері туралы" 2008 жылғы 26 наурыздағы № 45;
2) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 55 бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |