"Қазақcтан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қапшаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 08-1-1-1/135 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1-2/599 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 08-1-1-1/135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8439 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 126 (28065) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі                               Е. Ыдырысов