Шу ауданы әкімінің 2014 жылғы 6 наурыздағы "Сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешімінің күшін жою туралы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 6 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Шу ауданы әкімінің 2014 жылғы 6 наурыздағы "Сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылы 14 сәуірде 2158 нөмірімен тіркелген).
       "Шу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны туралы әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
       Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Аймамбетовке жүктелсін.
      Аудан әкімі Р. Дәулет