"Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 тамыздағы № 14-1/448 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қазандағы № 18-03/906 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 тамыздағы № 14-1/448 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7151 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 казан № 501-502 (26894) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілуін;
      2) мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                                     С. Омаров