Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 8 қазандағы № 3-2/905 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, 43-1 бабы 1 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 3363 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйектегі "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 11 қыркүйектегі "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям