Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 531 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесін, мерзімін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 306 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5749 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 тамызда № 131 (1728)) «Заң газетінде» жарияланған;
      2) «Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары жөніндегі есептерді беру ережесін, мерзімін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 614 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6701 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 13-14 (26434-26435) күштері жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (3. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Сұлтанов