Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 58 қаулысының күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 237 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 58 "Қарғалы ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекiту туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4302 болып тiркелген, 2015 жылдың 13 сәуірінде аудандық "Қарғалы" газетінде және 2015 жылдың 16 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Ізтілеуге жүктелсін.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы І.Тынымгереев